Халықаралық жастар күніне орай «Ар-рахман»мешітінде шәкірттерге тәттілер таратылды
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Ар-Рахман» мешітінде арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешітте білім алып жүрген шәкірттерге тәттілер таратылып, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Іс-шараның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау.
Мешіт ұжымы жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, білім жолында табыс пен ізгілік тіледі.
