Халал тақырыбына арналған жиын өтті
Берекелі Рамазан айының қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде халал тақырыбына арналған жиын өтті.
Шара барысында «Халал Даму» ЖШС-нің облысымыз бойынша жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы халал сертификаттарына ие кәсіпорындардың басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды.
Аталмыш басқосу барысында «Korkem Alem» ЖШС-не және «MDN Streer Foods» ЖШС-не «ҚМДБ халал» сертификаттары табыс етілді.
Бұдан бөлек, осы шараға қатысушы азаматтарға «Зекет» және «Уақып» қорларының қызметі түсіндіріліп, арнайы бүктемелер үлестірілді.