«Ержан Хазірет»мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінде қасиетті Құран Кәрімнің хатым дұғасы жасалды.
Рухани шараға жамағат көптеп қатысып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға тілектер жасалды.
Хатым дұғасын мешіттің бас имамы Ахлиддин Асқарұлы жүргізіп, жиналған қауымға насихат айтып, Құран оқудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, еліміздің амандығы, халқымыздың береке-бірлігі және дүниеден өткен мұсылмандардың рухына бағышталып дұға жасалды.
Жамағат қасиетті кештің сауабынан үміт етіп, Алла Тағаладан қабыл болуын тіледі.
