«Ержан хазірет»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Іс-шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы бауырмалдық пен жанашырлық құндылықтарын нығайту. Қайырымдылыққа үлес қосқан жомарт жандардың арқасында көптеген отбасыларға қуаныш сыйланды.
