«Ержан Хазірет»мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани отырыс ұйымдастырылды.
Шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, жамағатқа пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның асыл қасиеттері мен мұсылман өміріндегі өнегелі орындары жайында насихат айтты.
Отырыс барысында арнайы сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында облыстық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ ұстаз мәуліт жырын оқып,салауаттар айтылды.
Айтулы шараға 100-ге жуық мешіт жамағаты қатысты.





