blog Images

«Ержан Хазірет»мешітінде «Адал ас-шариғат талабы»семинары өтті

Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған«Адал ас – шариғат талабы» атты семинар өтті.

Семинар барысында ұстаз Айнұр Оразбекқызы және ҚМДБ Халал даму бөлімінің технологы Мөлдір Анетқызы адал астың маңызы, шариғаттағы халал және харам үкімдері, сондай-ақ тағамдық қоспалардың (құрамындағы ингредиенттердің) рұқсат етілуі жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Іс-шараға әйел жамағаты қатысып, күнделікті тұтынатын азық-түліктің халалдығына мән беру, дұрыс тамақтану мәдениеті және отбасы дастарқанындағы адалдық қағидалары туралы маңызды мәліметтер алды.