Ержан хазірет Төлегенұлын еске алуға арналған ашық турнир өтті
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтау қаласында Ержан хазірет Төлегенұлын еске алуға арналған қазақ күресінен ашық турнир өтті.
Спорттық шара шымылдығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, РАНТ мүшесі Ғазиз Нұртайұлы және «Ержан Хазірет» мешітінің бас имамы Ахлиддин қари Мирсайдұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Ержан Хазірет» мешітінің ауласында өткен додада балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сертификаттар табыс етілді.