blog Images

«Ержан хазірет» мешітінде Құран ұстаздары мен азаншылардың біліктілігін арттыру семинары өтті

Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінде Құран ұстаздары мен азаншылардың білімін және біліктілігін арттыру мақсатында оқу семинары  өтті.

Шараның басты мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, Құран оқу және азан айту мәдениетін терең меңгеру, тәжірибе алмасу.Семинарға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, имамдар мен ұстаздарға дін жолындағы білімнің, рухани ізденістің және  діни білім берудегі жауапкершіліктің маңызы жөнінде тағылымды ойларын жеткізді.Сондай-ақ, оқу семинары өңірдегі дін қызметкердерінің кәсіби және рухани дамуына серпін беріп, діни қызмет сапасын арттыруға бағытталғандығын  атап өтті.

Сонымен қатар, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Марат Жарылқапұлы қатысушыларға азанның шығу тарихы мен оның рухани мәні туралы дәріс оқыды.

Ал РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Құран оқу әдебі мен тәжуид ережелері бойынша дәріс оқыды.

Семинар соңында қатысушы дін қызметкердері  алған білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты.