blog Images

«Ержан Хазірет» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Қадір түнінің құрметіне Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Асқар Әділбайұлы және Бабур Мирсайдұлы есімді қарилардың имамдық етуімен тарауық намазы оқылғаннан кейін, мешіт бас имамы Ахлиддин Мирсайдұлы Құран хатым дұғасын жасады. Осыдан кейін қариларға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылып, сый-сияпат табыс етілді.