blog Images

«Ержан Хазірет» мешітінде қарилар мен мешіт қызметкерлеріне сый жасалды

Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінде қарилар мен бірқатар азаматтар марапатталды.

Рухани шара барысында  мешіт жанашырлары мен кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар қарилар мен ұстаздарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Атап айтқанда, тарауық намазын жүргізген Мұқашұлы Жарасқа кіші қажылыққа жолдама берілді. Ильяс Асқар қариға пәтер кілті мен автокөлік табысталды. Сондай-ақ, Махмудов Мұхаммад Бабур қариға кіші қажылыққа жолдама сыйға тартылды.

Мешіт ұстазы Сайдуллаев Әбубәкр ұстазға да баспана кілті табысталып, оның діни-ағартушылық қызметіне ерекше алғыс білдірілді.

Сонымен қатар, мешіттің жанашырлары мен кәсіпкерлерге шынайы алғыс білдіріліп, арнайы алғыс хаттар табысталды.

Жамағат игі бастамаларға дән риза болып, осындай сауапты істердің жалғасын табуын тіледі.