blog Images

Ержан хазірет мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Ережеп айының құрметіне орай,Ақтау қалалық Ержан хазірет мешіті ҚМДБ Жастар ісі секторымен бірлесе отырып қайырымдылық шарасын өткізді.

Мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткізілген қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.