blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Ұлттық ойын түрлері дәріптелді

Ораза айт мерекесіне орай Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешіті ауқымды шара ұйымдастырды.

Мешіт бас имамы Ахлиддин қари Мирсайдұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің ауласында гір көтеру және қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.