blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Ұлағатты әжелер өсиет-өнегесімен бөлісті

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттері үшін «Дін мен дәстүр» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Танымдық шараға ақ жаулықты әжелеріміз шақырылып, мешіт ұстазымен бірге шәкірттерге  ата дініміз бен салт-дәстүріміздің терең тамырлы байланысының бар екендігін айтып, бұл екі ұғымның руханиятымыздың тірегі екендігін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Бұдан бөлек «Салт-дәстүрді білесің бе?» викториналық ойыны өткізіліп, дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Ашық сабақ соңында әжелеріміз ақ ниетпен бата беріп, қыз шәкірттерге жарқын болашақ тіледі.