blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Салауатты өмір салты дәріптелді

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешіті Мұнайлы ауданындағы «Жеңіс» спорт кешенінде жолдастық футбол ойынын ұйымдастырды.

Жастарды бұқаралық спорт арқылы біріктіру, салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен спорттық шараға 5 команда қатысты.