blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы жергілікті түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Байкенже Серікбайұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.