blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы жергілікті түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Ғабит Әбдіғаппарұлы «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.