blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Наиб имам түсіндірме жұмыстарына қатысты

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында жас буын өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Байкенже Серікбайұлы «Ихсан – әдептілік негізі» тақырыбында дәріс оқып, жастарды әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидаларын бекем ұстануға шақырды.