blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Наиб имам арнайы кездесу өткізді

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Рамазан – рухани жаңғыру айы» атты шара ұйымдастырылды.

Шара барысында «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы зағип жандарға Рамазан айының және Қадір түнінің мән-мағынасын түсіндіріп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.