blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімі түсіндірілді

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде әйел-қыздар жамағатына мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімдеріне қатысты практикалық сабақ өтті.

Сабақ барысында мешіт ұстаздары Айнұр Өмірзаққызы мен Мамадияр Рыскүл «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша дәріс өткізіп, жиналған көпшілікке шариғатымызға сай мәйітті жуындырудың реті мен кебіндеудің үлгісін көрсетті.

Бұдан бөлек, жиналған қауымға хәл үстінде жатқан мұсылманның жанында атқарылатын сүннет амалдар туралы да бірқатар мәліметтер берілді.