blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттері арасында «Алланың 99 көркем есімін» және «Мұсылманның 40 парызын» жатқа айтудан жарыс ұйымдастырылды.

Мешіт ұстазы Мамадияр Рыскүл шәкірттерге «Алланың 99 көркем есімін» білудің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі кезеңнен тұрған жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.