blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Әйел жамағаты табиғат аясында бас қосты

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінің әйел-қыздар жамағаты үшін «Табиғат аясында сұхбат» атты шара ұйымдастырылды.

Танымдық шара барысында мешіт ұстаздары жаңадан келген әйел және қыз-келіншектермен танысып, оларға діни білімді тек ҚМДБ-на қарасты құлшылық үйлерінен алудың маңыздылығы туралы айтып берді.

Одан кейін жиналған көпшілікке ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайында уағыз-насихат айтылып, ақ дастарқан жайылып, сүбелі сұхбат өрбіді.