blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті 200 оқушыны қуанышқа бөледі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешіті игі шара ұйымдастырды.

Ізгі шара барысында құлшылық үйінің бас имамы Ахлиддин қари Мирсайдұлы бастаған дін қызметкерлері Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты «Облыстық арнайы мектеп-интернатының» 200-ге жуық оқушысына тәтті сыйлықтар салынған «Рамазан базарлығын» үлестіріп, қуанышқа бөледі.

«Ержан Хазірет» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!