blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: 200 балаға айттық таратылды

Оразай айт мерекесінің құрметіне Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешіті игі шара ұйымдастырды.

Құлшылық үйінің бас имамы Ахлиддин қари Мирсайдұлы және жергілікті дін қызметкерлері жас ұрпаққа Ораза айт мерекесінің көңіл-күйін сезіндіру, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 200 балаға тәттілер салынған арнайы әзірленген айттық қорапшаларын үлестіріп берді.