«Ержан Хазірет» мешіті: 10 жанұяның қарызы жабылды
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітін игі шара ұйымдастырды.
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан шара барысында мешіт наиб имамы Ержан Бахитжанұлы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 10 жанұяның азық-түлік дүкендері алдындағы қарыздарын толық өтеді.
«Ержан Хазірет» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!