blog Images

Ерекше жандар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

Ерекше жандар күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық »қоры Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы Облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық пен мейірімнің қадірін сезіндіру, сондай-ақ қоғамда ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау.

Игі шара барысында қор өкілдері балалармен жылы жүздесіп, көңіл-күйлерін көтеріп, 40 тәрбиеленушіге жеміс себеттері мен түрлі тәттілерді сыйға тартты. Балалар да өз кезегінде алғыстарын білдіріп, қуаныштарын бөлісті.

Мұндай игі бастамалар ерекше қолдау мен күтімді қажет ететін балаларға рухани қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың қоғам өміріне бейімделуіне, өздеріне деген сенімнің артуына мүмкіндік береді.