Елімізде алғашқы тарауық намазы оқылды
ҚМДБ Төрағасы жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтап, Алла Тағаладан елдің амандығы мен берекесін тіледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды.
Сондай-ақ, Бас мүфти Республикалық бас мешітте Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды. Елімізге белгілі қарилар – Бас мешіттің дін қызметкерлері Серік Ахметов, Мұртаза Балахмет және Ерболат Шаудырбай өткізбек.
Айта кетейік, еліміздің барлық мешітінде бүгіннен бастап ауызашарлар беріле бастайды және тарауық намазы жалғасады.