РАНТ мүшесі Бейнеу ауданында жұма уағызын айтты
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапар барысында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында ұстаз жамағатқа «Пара беру мен жемқорлықтың зардабы» тақырыбында насихат айтып, адал еңбектің, әділдіктің маңызына тоқталды. Сондай-ақ жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын түсіндіріп, мұсылман баласын адал жолмен ризық табуға шақырды.



