blog Images

«Рамазан айында дұрыс тамақтанудың пайдасы» атты семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан айында дұрыс тамақтанудың пайдасы» атты семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шарада «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Рамазан айындағы нәпсі тәрбиесіне тоқталса, нутрициолог, интегративті дәрігер Інжу Әлібекқызы бұл айдағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде, ораза ұстау кезіндегі адам ағзасында орын алатын өзгерістер жайлы кең мәлімет берді.

Атап айтқанда, дәрігер ата-бабаларымыздың ерте кезде тек табиғи тамақ ішкендігін айтып, ет, құйрық май, қазы-қарта, сүт, қымыз бен шұбатты үзбей пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Ас — адамның арқауы екендігін, табиғи тамақтың адам бойына үлкен қуат бергендігін тілге тиек етті. Зиянды тағамдар мен газды сусындарды, әсіресе ораза кезінде мүлдем тұтынбауға кеңес берді.

Сондай-ақ, жиын соңында жиналған көпшіліктің оразаға қатысты сұрақтарына жауап берілді.