Дүкендердегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің аумағында орналасқан діни дүкендердің кітаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы тексеріп, зерделеді.
Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі – дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.
Сондай-ақ, діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.