«Doner na Abaya»жылдам тамақтану орталығы Халал сертификатына ие болды
Ақтау қаласының 8-шағын ықшам ауданында орналасқан «Doner na Abaya» жылдам тамақтану орталығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал стандартына сай деп танылып, Халал сертификатын алды.
Сертификатты ҚМДБ Халал даму бөлімінің өңірдегі жауапты маманы Іздібай Бегенұлы табыстады. Аталған сертификат тамақтану орнында ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына толық сәйкес екенін айғақтайды.
Айта кетейік, Халал сертификаты тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай тағам ұсынуды көздейтін кәсіпорындарға беріледі. Бұл өз кезегінде халықтың сенімін арттырып, адал қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
