«Дінім-тілім ,тұмарым» атты облыстық ақындар сайысы өтті
ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2024 жылдың бағдарлық баяндамасында ұсынылған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен , “Дінім-тілім, тұмарым” атты Маңғыстау облыстық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан және облыс аудандарынан барлығы 8 ақын қатысты. Айыстың алғы сөзін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Әнуар Ізімбайұлы бастап, Айтыс өнерінің төл өнеріміз ге айналған ата бабадан аманат болып қалған ұлы өнер екенін тілге тиек етіп, ақындарға сәттілік тіледі. Айтысты айтыскер ақын Фархад Мусаев жүргізді.
Айтысқа — Филология ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мемлекеттік Дарын сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Мэлс Қосымбаев , арнайы Атырау қаласынан келген айтыскер ақын — Шынарбек Қабиев, Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Мәдениет саласының үздігі, “Қышқыл-мысқыл”, “Өнер барысы” жобаларының авторы — Нұрлан Мусаев, және де Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінің бас имамы Құрманбек Лашкербекұлы әділ қазылық етті.
Жеңімпазды анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады, дегенмен оза шауып
I-орынды Қайрат Аманқосов ( 150 мың теңге);
II-орынды Жанболат Алиев ( 100 мың теңге);
III-орынды Мағжан Жұмабай ( 70 мың теңге) жеңіп алды.
Өзге қатысушылар Елдің мұның зарын күй мен жырмен жеткізген Көрнекті суырып салма Адайдың бес жүйрігі — Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Арнайы жүлде иегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан 40 мың теңге сыйақы табысталды.