Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті
Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы мен ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде«Дінаралық татулық-бейбітшілік кепілі» атты өңірлік діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық «Бекет ата»мешітінің,«Қасиетті Исаның жүрегі» римдік-католиктік шіркеуінің, «Жаңа өмір» евангелдік сенім мәсіхшілері шіркеуінің, «Жаңғырту» христиандық миссиясының, «Рақым сөзі» інжілдік мәсіхші баптистер шіркеуінің басшылары мен өкілдері, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері,Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының мүшелері, төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы қатысты.
ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуарбек Елжанов барша келген шара қатысушыларын қарсы алып, мешіттің дәріс оқитын, неке қию, кітапхана, конференция залы, имамдар бөлмесі, құран оқу секілді басқа да орындарымен таныстырды. Одан бөлек аталмыш қасиетті орынның тарихынан сыр шертті.
Отырыс барысында облыс бас имамы «Дінаралық татулық – бейбітшілік кепілі» атты тақырыбында баяндама жасап, 2024 жылғы жасалынған жұмыстармен таныстырды.
Келесі сөз ҚХА өкіліне беріліп «Қазақстан әлемнің рухани астанасы» тақырыбында бірлік-татулықты дәріптеді.
Шарада Дін істері басқармасының басшысы Қажымұқан Кәдөш мешіт басшылығына өз ризашылығын білдіріп, клуб отырысының маңыздылығына тоқталды.
Келесі сөзді қатысушылар тарапынан православ діни бірлестігінің басшысы протоиерей Сергей Понич пен «Қасиетті исустың жүрегі» римдік-католиктік діни қауымы діни бірлестігі басшысы Калиновский Александр Альбинович алып, клуб отырысының тақырыбана байланысты ұсынымдарын айтты.