blog Images

Дінді қабылдаған бауырымызға кіші қажылыққа жолдама берілді

Қадір түнінің құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен кеш Рамазан айының бауырмалдықтың жарқын көрініс беретін мезгіл екенін тағы бір айшықтады. 

Хасан бауырымыз — балалар үйінің түлегі. 2020 жылы исламның хақ екенін түсініп, асыл дінімізді қабылдаған болатын. Осы орайда, қайырымды кәсіпкер ағамыздың қолдауымен оған кіші қажылыққа жолдама табыс етілді.

«Ислам дінін қабылдаған бауырымыз біздің арамызда өзін жатсынбауы керек. Мұсылман мұсылманның бауыры екенін ұмытпауымыз керек», деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы.