blog Images

Дін қызметкерлері Рахат ауылындағы Наурыз мейрамына қатысты

Жаңаөзен маңындағы Рахат ауылында өткен бірліктің, бауырластықтың, төзімділіктің, жасампаздықтың мейрамы болып табылатын әз-Наурызға жергілікті дін қызметкерлері де қатысып, халықтың қуанышымен бөлісіп, ақжарма тілектерін білдірді.

Мерекелік шарада Рахат ауылының әкімі Райымбек Талғатұлы Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы және «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің имамы Жұмабай Қуандықұлына алғыс хат табыс етті.