«Дін мен дәстүр III» кітабы бойынша білім сайысы өтті
Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен “Бір айда-бір кітап” жобасы аясында «Дін мен дәстүр III» кітабынан мешіт жамағаты арасында сайыс өтті.
Білім сайысына 20-ға жуық мешіт жамағаты қатысып өз бақтарын сынады.Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сайысты ашып, жиналған қатысушыларға сәттілік тілеп, білім сайысының жамағат үшін маңызын атап өтті.
Сайыс екі кезеңнен тұратын тест түрінде және ауызша сұрақтар қою негізінде өткізілді.«MUFTYAT» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр III» кітабы бойынша өткен білім сайысында облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мен мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы сайыстың негізгі шарттарын түсіндіріп,барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайыс нәтижесі бойынша:
1- орын Қазыбаев Мұратбек (30 000 теңге)
2- орын Раева Санияш (20 000 теңге)
3-Инаят Сардар (10 000теңге) иеленіп,қаржылай жүлде сыйақылар табысталды.












