«Деструктивті бағыт – дін емес» атты семинар өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағыты бекітіліп, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Атшыбай Ислам және «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ержан Бахитжанұлына семинарға қатысушылармен жат ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, имамдардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.