Дархан дала:Сәби Атабайұлы мешітінің жамағаты табиғат аясында бас қосты
«Сәби Атабайұлы» мешітінің жамағаты «Дархан дала» жобасы аясында табиғат аясында бас қосып, тағылымды рухани кездесу өткізді.
Рухани жиын барысында мешіт имамы Мұхаммедназар Қарыапызұлы жамағатқа бірлік пен татулықтың қоғамдағы орны, мұсылманның бауырмал болуы және өзара қолдау көрсетуі жөнінде тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар, ол мұндай игі бастамалардың жамағатты жақындастырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуде ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Жиын соңында жамағат табиғат аясында бірге уақыт өткізіп, рухани демалып, пайдалы сұхбаттар өрбітті.
