Дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы мешіт жамағаттары арасында алғаш рет дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир болып өтті.
Дәстүрлі садақ ату сайысына облыс көлемінен мешіт жамағаты жиналды.Барлығы 10 мешіттен 140-қа жуық мергендер қатысып ,өз ара сайысқа түсті.Турнир төрт санат бойынша өткізілді:
1-(7-12жас аралығындағы ерлер санаты)
2-(7-12жас аралығындағы қыздар санаты)
3-(13жастан жоғары жамағат санаты)
4— (тәжірибелі мергендер санаты).Турнирдің жүлде қоры 285 000 теңгені құрады.
«Дәстүрлі садақ ату халқымыздың тарихи жадында сақталған спорт түрі. Жарысты өткізудегі басты мақсатымыз – мешіт жамағаттарына,халыққа ұлттық спорт түрін насихаттау. Дәстүрлі садақ ату спортының бұқаралық сипат алуына үлес қосу. Алдағы уақытта шара жалғасын табады» деп сенім білдірді Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Еркеғали Әлбетов.
Жарыс қорытындысы бойынша топ жарған садақшылар :
7-12ж. жасөспірімдер ер санаты:
1-орын Бекболат Нұртас (Ақтау),2-орын Сағынбай Абдулали (Жаңаөзен),3-орын Бекболатұлы Жандос (Ақтау),3-орын Сүлеймен Нұрлыхан (Теңге ауылы)
7-12ж. қыздар санаты
1-орын Ахметжан Адия (Жаңаөзен),2-орын Шәкір Әсия (Жаңаөзен),3-орын Бекболат Асылтас (Ақтау),3-орын Хайткелді Мунира (Жаңаөзен)
13 жастан жоғары жамағат санаты:
1-орын Алипкалиев Руслан (Ақтау),
2-орын Басбақбаев Жәнібек (Мұнайшы Жетібай ауылы),3-орын Жумыров Мансұр (Жаңаөзен),3-орын Сисенбаев Бексұлтан (Жаңөзен)
Тәжірибелі мергендер санаты:
1-орын Зұлпыхаров Самал Бахытжанұлы (Жаңөзен),2-орын Ғиззатулин Рахат (Ақтау),3-орын Ораз Айбек (Жетібай ауылы),3-орын Ұлықпанов Асланбек (Жаңаөзен)
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешіті,2-орынды Ақтау қалалық «Бекет ата » мешіті,3-орынды «Жетібай» ауылдық мешіті иеленсе,4-орынды Теңге ауылдық «Қосай» ата мешіті иеленді.Сондай-ақ, жарыста топ жарған мергендерге жалпы саны 16 медаль,қаржылай және арнайы дипломдармен марапатталды.