blog Images

«Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша облыстық семинар өтті

«Ислам және адал қоғам« жылы аясында Маңғыстау облыстық мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша семинар өтті.

Семинарға облыс аумағындағы мешіттердің бас имамдары қатысты. Басқосу барысында қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық дәстүрді дәріптеу және рухани тәрбие беру мәселелері кеңінен қозғалды.

Семинарда «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша өңірлік жауапты маман Құрманбек Лашкарбекұлы биылғы жылы аталған бағыт аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жоспарланған іс-шаралар жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, отбасы институтын нығайтуға бағытталған рухани-танымдық кездесулер мен тәрбиелік жиындардың маңыздылығы атап өтілді.