Цифрлық даму: «ChatGPT және жасанды интеллект» семинары өтті
ҚМДБ«Цифрлық даму» бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы Маңғыстау өңірінің дін қызметкерлеріне арналған «ChatGPT және жасанды интеллектті заманауи құрылғыларда пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жолдары және цифрлық сауаттылық мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ChatGPT платформасын діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарда, мәтін әзірлеуде, ақпарат жинақтауда және заманауи медиа саласында қолданудың тиімді тәсілдері айтылды.
Кездесу барысында қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану, ақпараттың дұрыстығын тексеру және цифрлық қауіпсіздік мәселелері жөнінде де арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында дін қызметкерлері сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.
