Бүлдіршіндер арасында Жарапазан айтудан жарыс өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Рамазан айына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде балалар арасында «Жарапазан» айтудан жарыс өтті.
«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі.Осы ретте игі дәстүрімізді насихаттау үшін өткен жарыста 1-орынды Кулданбай Омар, 2-орынды Нұралы Мансур, 3-орынды Аскербай Ибраһим жеңіп алды . Жеңіпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.Жарысқа қатысушылардың барлығына «Рамазан тәттісі» сыйға берілді.