blog Images

Боранқұл ауылында 21 жанұяға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бейнеу ауданы Боранқұл ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен «Nobilis Corp» мекемесінің қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Боранқұл ауылдық мешітінің имамы Рүстем Әділұлы және «Nobilis Corp» мекемесінің өкілдері жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 21 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестіріп, қаржылай көмек көрсетті.