«Бір-айда бір кітап»жобасы:Баянды мешітінде рухани насихат жиыны өтті
Баянды ауылдық мешітінде «Бір айда – бір кітап» рухани-ағартушылық жобасы аясында жамағатқа қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы таныстырылды.
Іс-шара барысында шығарманың тарихи және әдеби құндылығы, қазақ халқының қалыптасу кезеңдері мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі көркем түрде баяндалатыны туралы кеңінен айтылды.
