«Бір айда – бір кітап»жобасы:Баянды ауылдық мешітінде білім сайысы өтті
Баянды ауылдық мешітінде ай сайынғы жоспарға сәйкес әдеби бағыттағы «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында кезекті рухани-танымдық кездесу өтті.
Жоба барысында мешіт жамағаты қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» шығармасын бірлесе оқып аяқтап, кітап мазмұны бойынша арнайы қорытынды талқылауға қатысты.
Кездесу барысында шығармадағы адамгершілік құндылықтар, ауыл өмірі, соғыс кезеңіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында кітап бойынша қорытынды тест сұрақтары ұйымдастырылып, жамағат өз білімдерін шыңдады.
