«Бір айда – бір кітап» жобасы аясында «Ұшқан ұя» кітабы талқыланды
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»шығармасына арналған талқылау жиыны өтті.
Жиын барысында кітапты оқып шыққан қатысушылар шығарма мазмұны бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, туындыда көрініс тапқан ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар мен қазақы болмыс туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, кітаптың мазмұны негізінде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі сахналанып, көпшілікке көрсетілді. Іс-шара соңында мешіт имамдары ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.
