blog Images

«Білімді мыңды жығар» атты сайыс өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қыз-келіншектер арасында «Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.

Білім сайысына құлшылық үйіндегі сауат ашу курсының шәкірттерінен құралған төрт топ қатысты. 

Екі бөлімнен құралған сайыстың бірінші кезеңінде ислам ғибадатына қатысты сұрақтар қойылса, екінші кезеңінде ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянына қатысты сауалдар қойылды.

Нәтижесінде І орынды жоғары ұпай санына ие болған «Сәттілік» тобы иеленсе, ІІ орын «Үммет» тобына, ал ІІІ орын «Жүйріктер» тобына бұйырды. 

Жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілсе, ІV орынға табан тіреген «Сабырлылар» тобына ынталандыру сыйлықтары берілді.