«Білімді имам – қоғам айнасы» :Дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті
ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған «Білімді имам – қоғам айнасы» атты семинар өтті.
Шара шымылдығын облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып,дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинардың маңыздылығына,қазіргі қоғамдағы рухани тәрбие мен дін қызметкерлерінің жауапкершілігіне тоқталып, әрбір имамның өз білімін тереңдетіп, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керектігін жеткізді.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфти кеңесшісі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы арнайы қатысып, «Білімді имам – қоғам айнасы» тақырыбында дәріс оқыды.
Смайыл Сүйерқұлұлы өз сөзінде имамдардың діни білімін үнемі жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, қоғамдағы діни қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін имамдардың жан-жақты білімді, сауатты әрі парасатты болуы қажет екенін жеткізді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.


