blog Images

«Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті

ҚМДБ-ның Маңғыстау өңіріндегі өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

200-ден аса әйел-қыздар жамағаты қатысқан рухани шара шымылдығы Құран хатым дұғасын оқумен ашылды.

Маңғыстау өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, бұл айдың маңыздылығы және Қадір түнінің қадір-қасиеті туралы айтып берді.

Отбасылық құндылықтарға байланысты қойылымнан кейін, Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұстазы Назерке Маратқызы ислам дініндегі әйел адамның отбасы алдындағы міндеттері және бала тәрбиесі жайлы насихат айтты.

Бұдан бөлек «Пайғамбарымызға хат» сияқты монологтар оқылып, сұрақ-жауап ойыны болып, діни әндер шырқалды. 

Кеш соңында «Рамазанда әр күніңді әсемде» марафоны аясында ең көп салауат айтқан және ең көп истиғфар айтқан шәкірттер арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қонақтарға тәспілер сыйға берілді.