Бекет ата рухына арналған республикалық байқау қорытындысы
Сопылық ілімнің шамшырағы, ел тарихында өшпес із қалдырған Пір Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдық мерейтойына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешіті мен Қазақстан Жазушылар одағының Маңғыстау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Бекет ата мұрасы: тарих, тағылым, руханият» атты республикалық шығармашылық байқау өз мәресіне жетті.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиырмадан астам шығарма келіп түсті. Қазылар алқасы рухани, тарихи және көркемдік тұрғыдан жоғары бағаланған еңбектерді іріктей отырып, жеңімпаздарды анықтады.
Қорытынды бойынша:
ІІ орын – Бауыржан Мырзақұл (Алматы қаласы)-300 000 теңге
ІІІ орын – Шілдебай Қабыл(Ақтау қаласы)-200 000 теңге
Сонымен қатар шығармалары мазмұны мен идеялық бағыттылығы жағынан ерекшеленген Абдуллина Анар,Ғайнеден Әселханым,
Тұраров Жеткізген ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Байқауға түскен туындыларды бағалаушы әділқазылар құрамында белгілі ғалымдар, әдебиет өкілдері мен дінтанушылар болды:
Алқажан Меделұлы Еділхан – өлкетанушы, зерттеуші;
Қабылов Әділет Дыбысұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Есенов университетінің профессоры;
Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Есенов университетінің профессоры;
Рахат Қосбармақ – ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Себасов Марат Бақбергенұлы – дінтанушы, аудармашы;
Шамшадинова Анар Амангелдіқызы – ақын, журналист, “Ақпарат саласының үздігі”, “Халық алғысы” төсбелгілерінің иегері;
Елжанов Әнуар Ізімбайұлы – ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы, байқау ұйымдастырушысы.
Байқау Бекет ата ілімінің мәні мен рухани мұрасын жастар санасына сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық ізденісті қолдау мақсатында ұйымдастырылды.Рухани шара алдағы уақытта жалғасын табады.