blog Images

«Әл-Хаким» мешіті: «Бекет ата» мешітіне зиярат жасалды

ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Мұнайлы ауданының ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері Бекет ата мешітіне зиярат жасады.

Аталмыш сапар барысында Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Айғабыл Дәуірханұлы бастаған көпшілік Шопан ата қорымы және жерасты мешітіне, сондай-ақ Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне тоқтап, ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттарын бағыштады.

Бұдан бөлек Айғабыл Дәуірханұлы ағамыз жамағатқа ҚМДБ-ның төл басылымдары «Мұнара» газеті мен «Иман» журналын үлестіріп, жазылуға шақырды.